Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Облыстық орыс драма театрында “Шие бағы” премьерасы сахналанды

Облыстық орыс драма театрында “Шие бағы” премьерасы сахналанды

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Шие бағы” спектаклінің тұсаукесері мен актриса Ирина Полещуктың бенефисі өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жанр – комедия. Қойылымды театр труппасы бір жыл дайындады. Оны өмірге әкелуге Ресейден қоюшы-суретші шақырылды.

“Бұл спектакльді менімен бірге суретші Алексей Говязин дайындады. Біз Чеховқа жан-тәнімізбен қарадық, мәтін мен жазылғанына 120 жыл болған пьесаны өте мұқият зерттедік. Қойылым талай мәрте сахналанады деп үміттенемін”,-деді Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының қоюшы-режиссері Тимур Каримжанов.

Ресейлік қоюшы-суретші Алексей Говязиннің үлкен тәжірибесі бар. Оны жерлестеріміз Қазақстанға шақырған кезде білікті маман бірден қуана келісіпті.

“Материал өте күрделі, ол көп жерде қойылады, мен бүгінгі күнге лайық өзекті форманы тапқым келді. Біз күрделі құрылымға қосылатын бай әрі метафоралық бейнелерді таңдадық. Сценарийімізбен сол әлемнің күрделілігін, ұрпақтардың өзгеруін көрсеткіміз келеді. Мұның бәрі актерлердің сахнадағы іс-қимылына күрделілік қосты, бірақ туындыны байытты”,- деді Ресейден келген қоюшы-суретші Алексей Говязин.

Қойылымда Любовь Раневскаяны Ирина Полещук ойнады. Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актрисасы 30 жыл қызмет етеді.

“Қызықты кейіпкер таңдалды, еркіндікті жақсы көреді, оның балаға, отбасына деген ерекше көзқарасы бар. Жұмыс өте күрделі, біз спектакльді бір жыл дайындадық, барлығы тексерілді”,- деді Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актрисасы Ирина Полещук.

Алда ауқымды жұмыс тұр. Театр актерлері тағы бір жаңа комедиялық қойылым әзірлемекші. Туынды Шукшиннің әңгімелері бойынша сахналанады. Ол да қонақ режиссердің көмегімен дайындалмақ.

Shares