Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Облыстық қуыршақ театрында “Дед, баба және Курочка Ряба” атты премьера сахналанды

Облыстық қуыршақ театрында “Дед, баба және Курочка Ряба” атты премьера сахналанды

Облыстық қуыршақ театрында режиссер Андрей Мелентьевтің “Дед, баба және Курочка Ряба” атты спектаклінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қойылымды көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың ұлдары мен қыздары тамашалады. Кішкентай көрермендерге арналған премьералық туынды Алғыс айту күніне орайластырылды.

“Бұл спектакльдің тарихы біздің театрмен тығыз байланысты. Театр ашылған жылы осы қойылым алғаш рет қойылған еді. Араға 30 жыл салып,  керемет жұмысқа қайта оралуды шештік. Бүгін біздің қонақтарымыз – мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері және қаржылық қиын жағдайдағы отбасылардан шыққан балалар”,- деді Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Айбол Қасым.

Премьера қонақтарына тәттілер таратылды, сонымен қатар олар үшін шағын ойын-сауықтық бағдарлама өткізілді.

“Мен театрда біраздан бері жұмыс істеп келемін. Бүгін біз көпшілікке таныс ерекше жұмысты ұсынып отырмыз. Қойылымды бір ай бойы дайындадық. Балалардың күлкісі мен қуанышы біз үшін басты марапат болады”,- деді спектакльдің қоюшы-режиссері Андрей Мелентьев.

Облыстық қуыршақ театрында “Дед, баба және Курочка Ряба” спектаклі үш күн бойы көрсетіледі.

 

Shares