Петропавлдық суретшілердің 60-тан астам акварель жұмысы көрмеге қойылды

Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай “Такая разная акварель” көрмесі ашылды. Жұмыстардың авторлары – қаланың көркемдік білім беру мекемелерінің педагогтары мен студенттері, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.



Мұражайда атап өткендей, көрменің басты мақсаты – шығармашылық жұртшылықты тарту: суретшілер, өнертанушылар, мұражай мамандары, акварель шығармашылығына қызығушылық танытатын және кәсіби түрде айналысатын коллекционерлер. Сондай-ақ заманауи акварель суретшілерінің жетістіктерін көрсету және қала тұрғындарын акварель өнерімен таныстыру маңызды.


“Такая разная акварель” – бұл жылына бір рет өткізілетін шығармашылық жоба. Авторы – суретшілердің бастамашыл тобы. Көрме ашық сипатқа ие және акварель техникасында жұмыс істейтін шетелдік авторлардың қатысуын көздейді. Өнердің дамуына елеулі үлес қосқан танымал авторлар да, жаңадан бастаған суретшілер де қатыса алады”, – деп атап өтті өнер мұражайында.



Көрмеде көрерменге акварель шығармашылығындағы дәстүрлі және инновациялық техниканы, акварель суретшілерінің әртүрлі стильдік бағыттарын, әдістері мен авторлық тәсілдерін көрсететін 60-тан астам акварель жұмысы ұсынылған.

Көрме бір ай бойы тұрады.
