Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда “Көрісу” күні оқушылар арасында облыстық айтыс өтті

Петропавлда “Көрісу” күні оқушылар арасында облыстық айтыс өтті

Петропавлда өткен облыстық айтысқа 14 бала қатысты. Музыкалық байқау Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия қабырғасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ media тілшісі.

“14 айтыскер қатысуда. Қалалық мектептерден 10 бала келді, қалған қатысушылар аудандардан келіп отыр. Айтыстар жыл сайын өткізіледі. Бұл қалыптасқан дәстүр. Бірақ, облыстық деңгейдегі айтыс классикалық гимназиясында алғаш рет өткізіліп отыр”, – деді Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Аманжол Зағыпар.

Бағы мен бабын сынауға келген балалар түрлі жаста. Сөз бәйгесінің жеңімпаздары үшін дипломдар мен ақшалай сыйлықтар дайындалды.

“Топ жару үшін бала тапқыр болуы керек. Бұл жерде суырып салма әрі сөздік қоры бай ұл-қыздар ғана жүлдеге таласады. Сонымен қатар, жүректен шығатын жыр әуенмен ұштасуы маңызды. Айтыс, ең алдымен, балаларды тез ойлауға үйретеді. Бұл – өнердің ерекше түрі”, – деді бас төреші Қарақат Шалабаев.

Shares