Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай көрме өтті

Петропавлда Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай көрме өтті

Петропавлда қазақ халық қолөнері мен қолданбалы өнерінің алғашқы облыстық көрмесі өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Кілем тоқу, киіз басу, ағаш және сүйек ою, зергерлік бұйымдар жасау – көрмеде көздің жауын алар сан түрлі жұмыс болды.

“Біздің халық шығармашылығымыз мыңдаған жылдармен есептеледі. Өкінішке қарай, соңғы жылдары дәстүрлі халық өнерінің көп бөлігін жоғалттық, кейбір шеберлер өмірден өтті, ал шәкірттері болмады”, – деді М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушысы Ерғали Сәткенов.

Өңірде талантты еңбек мұғалімдері бар және оқушылар халық қолөнерінен хабардар. Қанат жайған көрмеде осы тұрғысында айтылды. Шараның жеңімпаздары мен қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Shares