Петропавлда “Есіл жұлдыздары” атты жас әншілер байқауы өтті
150 жас әнші “Есіл жұлдыздары” байқауында өнер көрсетті. Бұл шара Петропавлда 20 жылдан бері өткізіліп келеді. Өз таланттарын облыс аудандарынан келген және қалалық балалар көрсетті, солистер мен ансамбльдер де бақ сынады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Байқау үнемі қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің қызығушылығын тудырады. Әуесқойлар мен кәсіпқойлар өнер көрсетеді. Қазылар алқасы сахна саңлақтары таңдаған репертуарға назар аударады. Репертуар олардың жасына сәйкес болуы керек”, – деді облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаева.
Нәтижесінде Жамбыл ауданынан келген “Кішкентай жұлдыздар” квартеті кәсіби бағыт бойынша бас жүлде жеңіп алды. Ал бескөлдік “Тұмар” ансамблі әуесқой әншілер арасында үздік атанды. Жеңімпаздар грамоталармен және мүсіншелермен марапатталды.