Петропавловск
+21°C
Главная страница » Туризм » СҚО-да туристік маусым ашылды

СҚО-да туристік маусым ашылды

СҚО-да 2024 жылғы туристік маусым ашылды. Шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов және Айыртау ауданының әкімі Ерболат Бекшенов қатысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Лобаново ауылындағы “Зейнеп” колледжінің базасында дөңгелек үстел өтті. Жиында туризм және спорт вице-министрі, СҚО әкімінің орынбасары, Айыртау ауданының әкімі, шақырылған қонақтар мен кәсіпкерлер сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде Имантау-Шалқар курорттық аймағының даму әлеуеті талқыланды.

Іс-шара барысында Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы мына базалар араланды: “Қазығұрт”, “Адель”, “Изумрудное”, “Ажар”, “Шалқар-Су”.

Ал “Тұрпан” демалыс базасында концерттік бағдарлама, спорттық жарыстар мен көрме ұсынылып, “2024 жылғы туристік маусымының ресми ашылуы” өтті.

Shares