Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Сегіз қырлы, бір сырлы азамат: танымал видеограф және музыкант Александр Янцен өмірі мен армандары туралы айтты

Сегіз қырлы, бір сырлы азамат: танымал видеограф және музыкант Александр Янцен өмірі мен армандары туралы айтты

QZ Media өз оқырмандарын Петропавлдың танымал адамдарымен одан әрі таныстыруды жалғастыруда. Олардың мамандықтары, хоббиі қандай? Нені армандайды? Мақсаттары? Видеограф, музыкант және “Тhe riders cover band” тобының белді әртісі Александр Янценді көпшілік біледі. Ол ұзақ уақыт бойы өзін әртүрлі салаларда сынады. Нәтижесінде жан-жақты дамыды.

“Мен үшін бір нәрсе жасау қызықсыз, қызығы көп ұзамай басылып қалады. Егер сіз қызықты нәрсенің бәрін таратсаңыз, сіз одан ләззат ала аласыз және одан да көп ақша табасыз. Менің бала кезіме саяхат жасайық. Мен тыныш бала болып өскен жоқпын. Техникаға қызығушылық таныттым. Әрқашан бұзып, қайта жинайтынмын. Музыка тыңдағанды жаным сүйеді. 3-сыныптан бастап университеттің бірінші курсына дейін футболмен айналыстым. Ата-анам тәрбие ісіне аса қатысқан жоқ. Біз бірге тұрдық, бірақ әпкеміз екеуміз өздігімізше ер жеттік”,- деді Александр Янцен.

Александр бала кезінен ақша тапқан. Әрине, күректеп емес. Бірақ, қалтаға түскен қаржы оны одан әрі еңбек етуге, жан-жақты дамуға итермелеген.

“Мен балалық шағымды ауылда атаммен және әжеммен бірге өткіздім. Демалыс кезінде көп бала жиналатын, біз ала таңнан қас қарайғанша дейін асыр салатынбыз, әжеме картоп отырғызуға, шөп шабуға, отын жаруға көмектестік, әрине, бізге аздап ақша берілді. Ал мектепте жоғары сыныптарда оқығанда анама көмектестім. Пәтер жөндейтінбіз. Ескі дүниелерді бұздым, қабырғаларды тегістедім, түсқағаздарды жұлдым. Осылайша ақша таптым», – делі Александр.

Александр Янцен оқушы кезінде шығармашылықпен айналыса бастады. Талай сахнада өнер көрсетті. Көпшілікті сүйсіндірді. 

“Мектепте КВН ойнадым, түрлі мерекелерде өнер көрсеттім, ән айттым, гитара тарттым, футболдан мектептің намысын қорғадым. Менің кумирлерім көп болды. Әртістердің ішінен маған Джеймс Алан Хэтфилд пен Алла Борисовна Пугачева ұнады. Актерлердің үздігі – Клинт Иствуд. Ол менің атама ұқсағасын ба жақсы көрдім (күледі). Мен үшін әкем – ең абыройлы адам. Оны ренжіткім келмеді”, – деді Александр Янцен.

10-сыныпта қызметін енді бастаған видеографтың алғашқы коммерциялық түсірілімі өтті. Александр Янцен үйлену тойын түсіріп, 3 мың теңге тапты, қуанышында шек болмаған. Азды-көп қаржы әрі қарай жұмыс істеуге итермеледі. Бірінші бейнекамераны Александрға ағасы сыйға тартты. Ал мектептен кейін «қайда оқу керек?» деген сұрақ туындады.

“Мен СҚМУ-ге, нақтырақ айтсам, радиотехника кафедрасына түстім, оқу қызықты болды, сонымен қатар оқу ақысының құны да аса қалта қақпады. Университетте “Парасат” студенттік студиясына жұмысқа тұрдым, онда 2007 жылдан 2011 жылға дейін жұмыс істедім. Университеттен кейін де сонда тер төктім. Сонымен қатар үйлену тойлары мен түрлі іс-шараларды түсірдім. Интернет аса дамымаған, өз бетінше оқуға, үйренуге тура келді. Біраз уақыт компьютерлік клубта, содан кейін екі телеарнада әкімші болып жұмыс істедім. Қазір МТРК-да жұмыс істеймін, бір ай жұмыс істеуге келдім де қалып қойдым”, – деді Александр.

Александр Янцен пандемияға дейін негізінен өз-өзіне жұмыс істеді, шығармашылық тапсырыстар алды, көп түсірілім жасады, жанға арналған іспен айналысты. Олардың қатарына аң аулау, мотоциклмен жүру, музыкалық топта ән айту кіреді.

“Фриланстың кемшілігі – үнемі клиент іздеу керек. Тұрақтылық болғаны дұрыс. Сонда ғана алған қойған жоспар орындалады. Осындай кезеңде мен сүйікті істерімді азайтуды шештім. Өйткені оларға әжептәуір қаржы кетеді. Қолым қалт ете қалса, отбасыма көңіл бөлемін. Қызыммен бірге жүргенді ұнатамын. Мен жақындарыма сүйікті істерімнің пайдалы екенін айтамын. Мысалы, сахнаға шығып ән айтсам, ақша табамын, аңға шықсам, ет әкелемін
(күледі), ал мотоцикл – көлік құралы. Бұрын күнделікті жұмыстан кейін сахнаға шықсам, қиналып қалатынмын. Қазір үйренісіп кеттім. Әрине, ән шырқау команданың көңіл-күйіне байланысты”, – деді Александр Янцен.

Сұхбат соңында Александр өзінің армандары туралы айтты.

“Үй салсам деген арманым бар. 2 орындық тікұшақ сатып алғым келеді, кем дегенде бір шет тілін үйренсем деймін. Бірақ, әзірге, тек жүк көлігін алғым келеді (күледі)”, – деді Александр.

Shares