Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Түрмедегі әйелдер балаларымен кездесті

Түрмедегі әйелдер балаларымен кездесті

Әйелдер колониясында Білім күнін мерекелеу қарсаңында сотталғандардың туыстарына арналып «Ашық есік» күні өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қазір колонияда 200-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр. Ақмола, Қостанай, СҚО мен Астанадан 190-ға жуық адам мекемедегі туысын көруге келген. Шара барысында «меймандарға» бас бостандығынан айыру орындарына алғаш түскен кездегі орындар таныстырылды. Концерттік бағдарлама мен аниматорлардың қатысуымен шоу да ұсынылды. Колония қызметкерлерінің айтуынша, мұндай кездесулер сотталғандарға күнделікті өмірден бір сәт бас алып, жарқын әсер алуға септеседі.

«Бұл күн менің есімде ұзақ сақталады. Қаншама жылдан кейін туған-туысқандар арасына қайта оралу – керемет сезім. Алдағы уақытта барлық жоспарларымды, армандарымды орындаймын деген ойдамын. Бейімделуге көмектескен мекеме әкімшілігі мен қызметкерлеріне мың алғыс. Барлық қыздардың тезірек босағанын, әрдайым аспанымыз ашық болғанын тілеймін», – деп бөлісті сотталушы.

Шара соңында сотталғандардың туыстары жақындарымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік бергені үшін қызметкерлер мен мекеме әкімшілігіне шынайы алғыстарын білдірді.

Shares