Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Теріскейлік Сергей Гражевский құрылыс саласына құрметпен қарайды

Теріскейлік Сергей Гражевский құрылыс саласына құрметпен қарайды

Сергей Гражевский 5 жылдан бері «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС еңбек етеді. Ол жүк көтеретін көлікті басқарады. Ер адам өзінің жанына жақын жұмысты таппас бұрын өзін түрлі салада сынап көрген, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Благовещенка ауылында «Қазмұнайгаз» кәсіпорнында оператор, жергілікті мектепте, кейін «Хоменко» Ш/Қ механизатор болып жұмыс істедім. Бұдан соң «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС жұмысқа орналастым. Маған жалақы ұнады, компания басшылығы қосымшаақы береді. Міне, құрылысшылар күні қарсаңында қалтамыз қалыңдап қалды, командамыз ұйымшыл. Жасалған жағдай көңілден шығады», – дейді «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС өкілі Сергей Гражевский.

Ер адам әріптестерімен бірге «Бірлік» шағын ауданында жұмыс істеген. «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС мамандары 20 тұрғын үй салып, халыққа тапсырды. Оларда қазір көктемгі су тасқынынан кейін үйлері апатты деп танылған адамдар тұрып жатыр.

«8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істедік, кейде бұдан да кеш қайтатын күндер болды. Іргетас құйылғасын үйдің ішіне топырақ төктім, қажетті ерітіндіні жеткізіп отырдым, жоспарлау жұмыстарына қатыстым, учаскелердің айналасын тегістедім, материал тасымалдадым және мамандарға көтердім. Материал – ағаш, газоблок және т.б. Кейін мені Уәлиханов көшесіндегі басқа нысанға ауыстырды. Қазір Жұмабаев көшесінің бойында велосипед жолын жасауға қатысып жатырмын. Онда асфальт төселген бірнеше шақырымдық велосипед жолы болады. Учаскеге қиыршық тас пен құм әкелемін. Жақсы техниканы басқарамын, егер ақау анықталса, тез арада жөнделеді», – дейді Сергей Гражевский.

Shares