Яндекс Карталарында қолжетімді қазақстандық туристік объектілердің тізімі кеңейтіледі
Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК” АҚ және Yandex Qazaqstan арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев атап өткендей, Меморандум тараптары Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту, отандық және шетелдік туристерді тарту саласындағы ынтымақтастық ниетін растайды.
“Яндекс Карталарда қолжетімді қазақстандық туристік және рекреациялық объектілер тізімін кеңейту туристерге ұлттық және өңірлік парктер, қорық аймақтары, ботаникалық бақтар, кэмпингтер және табиғатта демалуға арналған басқа да орындар туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ оларға неғұрлым ыңғайлы маршруттар салуға мүмкіндік береді”,- делінген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.