Петропавловск
+21°C
Главная страница » Біздің халық » Мемлекет басшысы Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады

Мемлекет басшысы Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады

«Зенченко және К» КС директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысы жарияланды. Бұл туралы ҚР Президенті баспасөз қызметінің телеграмм-арнасында жарияланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жерлесімізге алғыс отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін жарияланып отыр.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының белгілі диқаны Геннадий Геннадьевич Зенченко өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп толықтырады QZ News тілшісі.

Геннадий Зенченко 1964 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Совет ауданында дүниеге келген. Ол қатардағы жөндеушіден бастап кәсіпорын директорына дейінгі күрделі жолды еңсерді.

Қазір ол отбасылық істі табысты жалғастыруда – «Зенченко» КТ жетекшісі. Сүт саласын белсенді дамытуда, Қызылжар ауданында тауарлы-сүт фермаларын салуда, Новоникольское ауылын одан әрі дамытуға күш пен қаражатын аямайды. Бүгінде Новоникольское ауылын шағын қала деп айтуға болады, онда жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған – спорт залы, бассейн, заманауи Мәдениет үйі, хоккей корты, мейрамхана. Бұлардың барлығы жұмыс істеп тұр.

Геннадий Геннадьевич Зенченконы жұмысқа деген көзқарасы мен ауылына, еліне деген сыйластығы үшін облыста ғана емес, өзге де аймақтарда бағалайды және құрметтейді. QZ News редакциясы бар құттықтауға қосылып, Геннадий Зенченкоға мықты денсаулық, ұзақ өмір және бақ-береке тілейді.

Shares