Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қызылжар ауданының Соколовка ауылында 42 жаңа жол белгісі пайда болды.

Қызылжар ауданының Соколовка ауылында 42 жаңа жол белгісі пайда болды.

Ауыл жол бойында орналасқан, осы жол арқылы көптеген адам демалыс аймақтарына барады. Белгілерді орнату – кенттік полиция пункті ардагерлерінің бастамасы, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бір жыл бұрын ардагерлер ауылда белгілер қою туралы өтінішпен жүгінген, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы ауыл тұрғындарының өтінішіне жедел түрде жауап берді. 3 айдан кейін 32 жол белгісі орнатылды.

“Бұл – халықпен кері байланыстың және сервистік полиция қағидаттарын іске асырудың жарқын мысалы. Белгілерді, жаяу жүргіншілер өткелдерін, бағдаршам объектілерін орнату туралы әрбір тілек мұқият пысықталып, қарастырылады, полиция қызметкерлері жол желісінің учаскелерін тексереді, егер өзгерістер техникалық талаптарға сәйкес келсе — тиісті ұйымдарға ұсыныстар енгізеді”, – дейді СҚО ПД ӘПБ бастығы Серік Әлжанов.

Биыл ауыл тұрғындарының өтініші бойынша Мамлют, Аққайың, Тимирязев және Шал ақын аудандарының жолдарында жасанды төбешіктер пайда болыпты. Оқу жылының басында Петропавл мектептерінің бірінің директоры оқу орнының жанындағы жол учаскесінде жасанды төмпешік орнатуды сұраған. Полицейлер облыс орталығының көше-жол желісін зерттеп, жергілікті атқарушы органдарға мектептер мен балабақшалар маңында осындай 13 жылдамдықты шектегішті қалпына келтіру және орнату жөнінде ұсыныстар жіберіпті.

Shares