Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне СҚО шаруалары 730 тоннадан астам өнім апарады

Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне СҚО шаруалары 730 тоннадан астам өнім апарады

14-15 қазанда Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жыл сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Шараға өңірдегі ең үздік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатыспақ. 110-ға жуық ұйым 100-ден астам аталымдағы өнім ұсынады.

Өнімнің жалпы көлемі 730 тоннадан асады. Елорда тұрғындары үшін ет және сүт өнімдері, ұн мен макарон өнімдері, бал, картоп, көкөністер, жарма және кондитерлік өнімдер ұсынылады. Өнім бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен болады.

Shares