Петропавлдың жас спортшылары екісайыстан бақ сынады

Петропавлдағы Спорт сарайында «Жеңіс» олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жеңіл атлетикадан екісайыс бойынша біріншілігі өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Жарысқа 8 бен 13 жас аралығындағы жас спортшылар қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, біріншіліктің негізгі мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, балалардың спорттық шеберлігін арттыру, сондай-ақ облыстық турнирлерге қатысатын үздік атлеттерді іріктеу болып табылады. Сайыс аясында қатысушылар 50-ден 600 метрге дейінгі қашықтықтарда жеке жүгіру жарыстарына және жас ерекшеліктеріне қарай эстафеталық жүгіру түрлеріне қатысып, өз күштерін сынады.
Барлық кезеңдер нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға құрмет грамоталары табысталды. Біріншілік жеңімпаздарына алдағы уақытта «Жеңіс» спорт мектебінің намысын облыстық жарыстарда қорғау мүмкіндігі берілді.
