Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 2023 жылы СҚО-да өлім көрсеткіші 9 пайызға төмендеді

2023 жылы СҚО-да өлім көрсеткіші 9 пайызға төмендеді

2023 жылы Солтүстік Қазақстанда жалпы өлім-жітім 9%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 3%-ға, онкологиялық аурулардан – 4%-ға, тыныс алу органдары ауруларынан – 15%-ға және туберкулезден өлім-жітім деңгейі 8%-ға төмендеді. Сәби өлімі 5 пайызға азайды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі буыны алғашқы медициналық-санитарлық көмек – бұл халыққа барлық медициналық көмек көрсетуді үйлестіруге арналған қызмет. Сондай-ақ, күдікті онкологиялық және гематологиялық ауруларды тексеру мен емдеуді жеделдету үшін «Жасыл дәліз» енгізілді, оның аясында онкологиялық ауруға күдігі бар науқастар 18 жұмыс күні ішінде консультациялар алып, тексеруден өтеді.

«Мен ауылдық денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударғым келеді. Қазіргі таңда республикада ауылдық жерлерде 5 мың 397 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді. Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік стандарты бекітілді, ол 50 адамға дейін тұрғыны бар елді мекендерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұрын бұл ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысының мақсаты ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру болып табылатын «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы бекітілді», – деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі В.Дудник.

Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысына дайындық жұмыстары басталды. Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде 46 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы жоспарланған.

 

 

Shares