Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстікқазақстандықтар МӘСҚ шеңберінде тегін емдеуді жеке клиникада ала алады

Солтүстікқазақстандықтар МӘСҚ шеңберінде тегін емдеуді жеке клиникада ала алады

“Панацея” отбасылық медицина орталығында аймақ тұрғындары тегін тексеруден өте алады. Жеке клиника МӘСҚ шеңберінде жалпы жағдайды жақсарту үшін көмек пен медициналық қызметтерді ұсынады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Панацея отбасылық медицина орталығы 2015 жылдан бері жұмыс істейді. 8 жылдан бері ұйым медициналық қызметтерді сәтті көрсетіп келеді. Емханалардан жолдама бойынша мұнда неврология, кардиология, гастроэнтерология және басқа да бағыт бойынша тегін ем алуға болады.

“Біз жылына 500-ге жуық пациентті емдейміз. Бұл үлкен көлем емес. Дегенмен, біз осындай көлемде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін медициналық әлеуметтік сақтандыру қорымен ынтымақтасқанымызға өте қуаныштымыз”, – дейді орталық директоры Ирина Сазанова.

2024 жылы орталық хирургиялық және травматологиялық бағыт бойынша көмек көрсететін оңалту бөлімшесін қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ауруларды жою және алдын алу үшін пациенттер физиотерапиялық жаттығуларға қатысып, арнайы тренажерларда жаттығулар жасай алады.

 

 

Shares