Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Kozybayev University мен Nazarbayev University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Kozybayev University мен Nazarbayev University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

September 16, 2026 17:14

 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Nazarbayev University президенті Вакар Ахмадпен кездесті. Тараптар білім беру және ғылым салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын, білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ өңірдің ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, адами капиталды дамыту Солтүстік Қазақстан облысы үшін стратегиялық маңызға ие. Өңірде өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және логистика салаларында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Жаңа өндіріс орындары заманауи білім мен практикалық дағдыларды меңгерген мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Осыған байланысты экономика салаларына қажетті кадрларды даярлаумен қатар, өңірдің өзіндік ғылыми-технологиялық базасын қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінуде.

Бұл бағытта Kozybayev University маңызды рөл атқарады. Университет еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен және шетелдік университеттермен ғылыми әрі академиялық байланыстарын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Кездесу қорытындысы бойынша Kozybayev University мен Nazarbayev University арасында одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар Солтүстік Қазақстан облысында ғылым мен білімді дамытуға, кадрлық әлеуетті нығайтуға және өңір экономикасының негізгі салаларына қажетті мамандарды даярлауға ықпал етпек.

Shares