№1 турбоагрегат қайта жаңғыртылып, жаңа жылу алмастырғыштар орнатылуда: Петропавл ЖЭО-2 қалай жаңартылып жатыр?

Петропавл ЖЭО-2-де жөндеу науқаны жалғасуда. Негізгі жабдықтарды жаңарту және станция жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
«Бүгінде станциялық №1 турбоагрегатты қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазандық қондырғысына арналған іргетас құйылып жатыр. Желілік суға арналған екі жаңа жылу алмастырғыш сатып алынды. Жабдықтарды желілік су құбырларымен байланыстыру жұмыстары жүргізілуде», – деді Петропавл ЖЭО-2 реконструкциялау және жаңғырту басқармасының бастығы Анвар Шаштаулетов.
Сонымен қатар жабдықтарды жылумен жабдықтау жүйесіне қосу үшін құбыр желілері монтаждалып жатыр. Жұмыстар турбинаны тоқтатпай, оның қалыпты жұмыс режимімен қатар жүргізілуде.
Жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі аяқталды. Энергетиктер №4 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізді. Бұдан бөлек, №2, №3 және №5 агрегаттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ №6 және №7 турбоагрегаттарға техникалық қызмет көрсету аяқталды. Мамандар автоматты реттеу және маймен қамтамасыз ету жүйелеріне кешенді жұмыстар жүргізді. Жоғары және төмен қысымды жылу алмастырғыштар, сондай-ақ сорғы жабдықтары жөнделді.
Станциядағы жабдықтарды жөндеу және жаңғырту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасып жатыр.
