Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді. Келісімге сәйкес, көрші елде 30 күн визасыз жүруге болады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай азаматтары елге кіру үшін алдын ала виза рәсімдемей-ақ көрші мемлекеттің аумағында 30 күнге дейін немесе 180 күнтізбелік күн ішінде 90 күнге дейін жүре алады. Бұл келісімге тараптар ұзақ уақытқа созылған талқыдан кейін келді, өйткені бұл бастаманы қолдамандар көп болған еді.

Енді Қазақстанның Қытаймен шекарасын кесіп өту үшін өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз болу керек. Сонымен қатар, көлік билетін сақтаған жөн.

 

 

Shares