Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да күн суытып, қар жауып, дауылды жел соғады деп болжануда

СҚО-да күн суытып, қар жауып, дауылды жел соғады деп болжануда

October 19, 2026 10:46

Солтүстік Қазақстан облысында күн күрт суытып, ауа райы қолайсыз болады деп күтілуде. 19 қазаннан бастап қарлы жаңбыр болады. Кей аудандарда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, дүйсенбі, 19 қазанда облыстың батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде желдің екпіні 23–28 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +3…+8 градус, күндіз +10…+15 градус болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде ауа температурасы +7 градус шамасында болады.

Сейсенбі, 20 қазанда түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15–20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23–28 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +3…+8 градус болады.

Сәрсенбі және бейсенбі, 21–22 қазанда өңірдің солтүстігі мен шығысында аралас жауын-шашын сақталады. Түнде және таңертең кей аудандарда тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады. Кей жерлерде 15–20 метрге дейін күшейіп, екпіні 25 метрге жетеді.

21 қазанға қараған түні ауа температурасы 0…+5 градус, күндіз +3…+8 градус болады. 22 қазанға қараған түні де 0…+5 градус күтіледі. Облыстың батысында ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз +3…+8 градус болады.

Жұма, 23 қазанда түнде облыстың шығысында қар жауып, көктайғақ болады деп болжануда. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрді құрайды. Кей жерлерде 15–20 метрге дейін күшейіп, екпіні 25 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -3…-8 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 0…+5 градус аралығында болады.

Shares