Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-дағы жаңа жылыжайдан алғашқы өнім желтоқсан айында жиналады

СҚО-дағы жаңа жылыжайдан алғашқы өнім желтоқсан айында жиналады

Осы аптада СҚО-ға еліміздің түкпір-түкпірінен агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері жиналды. Олар аграрлық саланың озық өндірістерін аралайды, біздің тәжірибемізді қабылдайды және өз білгендерімен бөліседі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Агробизнесмендер заманауи жылыжайға барды. “Зеленый Север” ЖШС көкөніс өсіреді. Бірінші партия отырғызылды. Бұл – аймақтағы осындай ірі көлемдегі жалғыз жылыжай. Ол климатты басқарудың автоматты жүйесімен және көкөністерді сапалы өсіру үшін қажетті жабдықтармен қамтылған.

“28 қазанда біз бөлімдердің бірінің бір бөлігіне тұқым отырғыздық. 36 мың қияр тұқымы егілді. Өскіндер өсіп, негізгі бөлімдерге көшуге дайындалуда. Ал 11 желтоқсанда алғашқы өнімді күтеміз”, – дейді ЖШС директоры Екатерина Асаенок.

Кәсіпорынның толық іске қосылуымен мұнда 60 адам жұмысқа орналасады. Өсірілген көкөністерді отандық нарықта сату жоспарланып отыр.

 

 

 

Shares