Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавл әртістері сахналаған “Евгений Онегин” спектаклі өңіраралық фестивальде I дәрежелі диплом жеңіп алды

Петропавл әртістері сахналаған “Евгений Онегин” спектаклі өңіраралық фестивальде I дәрежелі диплом жеңіп алды

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының “Тишина Закулисья” атты жастар студиясының жетекшісі Ринат Исмаилов Валерий Золотухин атындағы VII «Исток» өңіраралық балалар фестиваліне қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Фестивальге Алтай өлкесінен, Алтай Республикасынан, Томск облысынан, Мәскеу мен Қазақстаннан 11 театр жиналды. Қазылар алқасы мен көрермендерге қатысушылар Александр Пушкин, Василий Шукшин, Григорий Остер, Чингиз Айтматов, Андрей Платонов және басқа да авторлардың шығармалары бойынша театрландырылған қойылымдар ұсынды.

Петропавлдағы IT-лицейінде «Глагол» мектеп театры құрылған. Ұжым режиссері Ринат Исмаиловтың жетекшілігімен “Евгений Онегин” спектаклінің үзіндісін сахналады, зал үнсіз қарады.

“Мен жаныммен демалдым. Маған сіздің таңдауыңыз өте ұнады және бұл мектеп бағдарламасына тікелей қатысты. Мен балаларға тәнті болдым. Олар театр “тазалығына” ие, мақсаттары бар. Режиссер Ринат Рашитович өз жұмысын өте абыроймен жүргізіп жатқанын көруге болады. Өйткені, олардың авторға деген көзқарасы, оларды осы стильге шебер енгізгеніңіз, қандай интонацияны қабылдағаныңыз – құрмет пен қошеметке лайық. Сахнада таза, шынайы, биік нәрсе шықты. Бұл мені таң қалдырды”, – деп атап өтті қазылар алқасының мүшесі, профессор Елена Шангина

Алтай өлкесінің мәдениет министрі Ринат Исмаиловқа арнайы сыйлық табыс етті. “Көрермендер көзайымы сыйлығын” “Глагол” театрының жас актрисасы – Екатерина Анненкова “Евгений Онегин” спектакліндегі Татьяна Ларина рөлін орындағаны үшін алды.

“Евгений Онегин” спектаклінің өзі “I дәрежелі диплом” алды. Қойылым жыл бойы СҚО көрермендерін қуантады және тағы бірнеше фестивальге қатысады.

Shares