Павлодар облысында сәби нәр татпағандықтан қайтыс болды
Жаға ұстатарлық жағдай Шідерті кентінде тіркелді. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасында ақпарат расталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі “NewTimes.kz” АА сілтеме жасап.
Фактіні павлодарлық еріктілер анықтады. Олар қайғылы жайтты Irbistv.kz. ақпараттық порталына хабарлады.
Баланың тұрғылықты тұратын жері – Павлодар. Сот-медициналық сараптама жүргізілді. Қорытынды диагноз гистологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.
Өлім жағдайын талдау денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде жүргізіледі.
“Бүгін біз Павлодар облысының кенттерінің бірінде тағы бір қайғылы оқиға туралы естідік. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 8 айлық сәби аштықтан көз жұмған. Осы отбасының қалған балалары да мүшкіл халде. Адамдар, үндемеуді қойыңыздар”, – деп жазды VITA еріктілері Instagram парақшасында.