Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылша: өңірдегі науқастардың 79% – екпе алмағандар

Қызылша: өңірдегі науқастардың 79% – екпе алмағандар

Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелді. Басым бөлігі Петропавл қаласында анықталды. 2 жағдай М. Жұмабаев ауданында анықталса, жекелеген жағдайлар Аққайың, Айыртау Мамлют, Қызылжар және Жамбыл аудандарында тіркелді, QZ Media тілшісі.

Жас құрылымы бойынша айтсақ, жағдайлардың ең көп саны 15 пен 39 жас аралығында тіркелді. Өңірдегі науқастардың 79% немесе 59 адам екпе алмаған. Айта кету керек, антиваксерлер соңғы жылдары медициналық қоғамның басты мәселесіне айналды.

«Әлеуметтік-кәсіптік құрылым бойынша жағдайлардың ең көп саны Әскери академияның әскери қызметшілері арасында тіркелді – 29 жағдай, ұйымдастырылмаған балалар – 15 жағдай, оқушылар – 10 жағдай. Алдын алудың бірден-бір сенімді жолы – вакцинация. 2023 жылғы 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу жалғасуда. Егу вакцинацияланушының немесе ата-анасының ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі», – СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында егілуге жататын жоспардан 13,4% егілді. Бұл – 3540 бала. Ал 6 қарашадан бастап иммундауды толықтыру барысында 274 бала егілді. ҚР өз сипаттамалары бойынша ДДСҰ-ның барлық талаптарына сәйкес келетін ел аумағында тіркелген вакциналар қолданылады.

Shares