Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Көлік министрі елдегі жолдардың сапасын өзі тексермек

Көлік министрі елдегі жолдардың сапасын өзі тексермек

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев елдегі автожолдардың сапасын өзі бағалап, бірнеше өңірде тұрғындармен кездесу өткізеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

​Министрдің баспасөз хатшысы хабарлағандай, Марат Қарабаев апта көлемінде өңірлерді аралап, автожолдардың сапасын өзі тексереді. Ведомство басшысы кеше Ұлытау облысына келіп, автокөлікпен жол учаскелерін тексеру үшін Жезқазғаннан Қызылордаға қарай шыққан.

«Министр аталған жұмыс сапары барысында көлік инфрақұрылымы нысандарын аралап, жолдардағы жөндеу жұмыстарының барысын бағамдау үшін 6 облыс пен 2 қаланы бірден аралап өтуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалалары бар. Кеше Ұлытау облысына келдік. Бүгін автокөлікпен жол учаскелерін тексеру үшін Жезқазғаннан Қызылордаға қарай шықтық», – деп жазды​министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, министр бұл жұмыс сапары барысында көлік инфрақұрылымы нысандары мен темір жол станцияларын аралап, жолдардағы жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, республикалық маңызы бар күре жолдардың қыс маусымына дайындығын қадағалайды. Сондай-ақ қала және облыс орталықтарында жергілікті тұрғындармен кездеседі, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

Shares