Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Бір сағат артқа: Қазақстан біріңғай уақыт белдеуіне ауысады

Бір сағат артқа: Қазақстан біріңғай уақыт белдеуіне ауысады

Сауда және интеграция министрлігі “Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы” Үкімет қаулысына тиісті түзетулердің жобасын дайындады. Жоба 22.12.2023 жылға дейін “Ашық НҚА” порталында орналастырылған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жобаға сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні 00-00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты 1 сағат артқа шегіндіреді деп жоспарлануда.

Осылайша, Қазақстанның барлық аумағы 5-ші уақыт белдеуінде орналасатын болады.

Уақыт белдеулерін реттеу немесе оларды күн (табиғи) уақытымен синхрондау халықтың денсаулығына, экономикаға, білімге, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етеді.

Shares