Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Балаларды қорғау күні СҚО-да бес сәби дүниеге келді

Балаларды қорғау күні СҚО-да бес сәби дүниеге келді

June 2, 2026 12:18

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні облыстық Перинаталдық орталықта дәстүрлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Осы ерекше күні бес сәби дүниеге келді. Қалыптасқан игі дәстүрге сәйкес, медицина мекемесінің қызметкерлері мереке күні ана атанған әйелдерді құттықтады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Акция аясында жас аналарға естелік сыйлықтар мен жаңа туған нәрестелерге қажетті алғашқы заттар жиынтығы табысталды. Мерекелік шараны ұйымдастыруға және сыйлықтар қорын қалыптастыруға жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетті.

Перинаталдық орталық әкімшілігі қайырымдылық бастамаға қолдау білдірген өңірдегі балалар тауарлары дүкендерінің өкілдеріне және демеушілерге шынайы алғысын жеткізді. Мекеме ұжымы мұндай игі шаралар жас отбасыларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік пен қамқорлық мәдениетін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Shares