Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Биыл Қозыбаев университетін 1486 білім алушы тәмамдайды

Биыл Қозыбаев университетін 1486 білім алушы тәмамдайды

Облыстағы іргелі университет өңірдің барлық саласына кадр дайындайды. Соңғы 5 жылдағы «Атамекен» ҰКП рейтингіне сәйкес, университет еліміздің үздік он жоғары оқу орнының қатарына кіреді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жыл сайын М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға 1500-ге жуық талапкер түседі, оның 55-60%-ы мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқиды. Республиканың басқа облыстарынан 400-500-ге жуық талапкер түседі.

Оқыту 153 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі, 5800 білім алушы бар, оларға оқытудың 3 түрі ұсынылады: бакалавриат, магистратура, докторантура.

«2024 жылы 1486 білім алушы оқуын аяқтайды. Өңірдің, республиканың кәсіпорындары өздерінде жұмысқа орналасу мәселелері бойынша университетке жүгінеді. Студенттер өндіріспен, жабдықтармен және т.б. танысатын кәсіпорындарда кәсіби тәжірибеден өту маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Практика аяқталғаннан кейін университет түлектері көбінесе сол кәсіпорындарға жұмысқа орналасады”,- деді Қозыбаев университетінің басқарма мүшесі.

Shares