Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университетінен түлектердің алғашқы легі қанат қақты

Қозыбаев университетінен түлектердің алғашқы легі қанат қақты

Биыл Қозыбаев университетін 1468 студент тәмамдады. Оның 1376-сы – бакалавр, ал магистрлердің саны – 92 адам. 369 түлек оқуын үздік аяқтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Университетті биыл да шетелдік студенттер тәмамдады. Бұл жолы білім ұясын Үндістаннан келген 82 адам бітірді, бір түлек Бангладеште туған. Қозыбаев университетінде олар медициналық білім алды.

“Түлектерді жұмысқа орналастыру – университет қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ол жыл сайын кем дегенде 81% құрайды. Барлық студенттер таратылады, біз оларға жұмыс орындарын ұсынамыз. Бүгін алғашқы 458 түлек қолдарына диплом алуда. Тіл және әдебиет институтының, сондай-ақ “Тарих, экономика және құқық” факультетінің оқушылары бітірді”,- деді Қозыбаев университетінің Басқарма мүшесі Азамат Жикеев.

Түлек Айнұр Долобаева шет тілдері бойыншк педагог болып шықты. Бұрымды ағылшын және француз тілдерін оқыды.

“Мен магистратураға түскім келеді, әрі қарай оқысам деймін, содан кейін мектепте немесе университетте мұғалім болып жұмыс істегім келеді. Біздің университет білімге деген құштарлықты одан сайын арттырды. Бүгін ерекше сезімді бастан кешіріп тұрмын, бұл күнді ұзақ күттік”, – деді Қозыбаев университетінің түлегі Айнұр Долобаева.

Shares