Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО Құрылыс басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

СҚО Құрылыс басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

June 22, 2026 10:44

Солтүстік Қазақстан облысында кадрлық өзгерістер орын алды. Өңір басшысының өкімімен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша СҚО әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Қосым Аңсатбаев тағайындалды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Қосым Дүсенәліұлы Аңсатбаев 1981 жылы Түрікменстан Республикасында дүниеге келген. Оның үш жоғары білімі бар. Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Болашақ» университетін және «Нархоз» университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша заңгер, құрылыс саласының маманы және іскерлік әкімшілендіру бағытында білікті кадр болып табылады.

Еңбек жолын мемлекеттік қызметте Қызылорда облысында бастаған. Әр жылдары бейінді департаменттерде жетекші және бас маман қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау департаментін басқарған, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін де атқарған.

Оның еңбек жолында елордадағы басқарушылық тәжірибесі де бар. Атап айтқанда, Құрылыс саласын нормалау орталығының директоры және Астана қаласының ақпараттық модельдеу орталығы директорының орынбасары қызметтерінде жұмыс істеген.

Солтүстік Қазақстан облысына тағайындалғанға дейін Қосым Аңсатбаев жекеменшік секторда техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) және сараптама мәселелерін үйлестіріп келген.

Shares