Солтүстікқазақстандық каратэшілер “Көкше батыры” турнирінен олжалы оралды
June 10, 2024 21:00

СҚО құрамасы кекушинкай каратэден өткен “Көкше Батыры” республикалық турниріне қатысты. Жарыста Қазақстанның 6 өңірінен барған спортшылар бақ сынады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Турнирде СҚО атынан 8 жастағы және одан жоғары 170-ке жуық спортшы өнер көрсетті.

Жалпы, облыс қоржыны 17 алтын, 18 күміс және 30 қола медальмен толды. Сондай-ақ, СҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте 1 орын алды. Астана қаласының ұжымы 2 орынды, ал Алматы қаласының өкілдері 3 орынды қанағат тұтты.

Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары дайындықтарын жалғастыруда. Алда балалар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты және ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты тұр. Байрақты бәсеке 1-3 тамыз күндері Астанада өтеді.

