Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алқымнан алған аяз солтүстікқазақстандықтарды әлекке салды

Алқымнан алған аяз солтүстікқазақстандықтарды әлекке салды

Соңғы аптада солтүстікқазақстандықтардың аязға деген төзімділігі сыналды. Дегенмен, жағаны жайлауға жібере алмаймыз. Суық әлі де сақталып тұр. Термометр бағанасы соңғы күндері минус 40 градусқа жетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бәрінен бұрын автокөлік жүргізушілері қиындық көруде. Мұндай аязда көлікті қарап, күту керек. Әйтпесе темір тұлпар таңертең іске қосылмауы әбден

мүмкін. Бұл жұмысқа немесе оқуға кешігіп қалуға әкелуі мүмкін. “Қазгидрометтің” және ТЖД мамандарының ескертулерін тыңдамайтындар да бар. Өткен демалыс күндері полицейлер облыс трассаларында 20-ға жуық жүргізушіні құтқарған. Олардың бірі Беларусьтен келе жатқан. Ол Дубровное ауылының маңында жолдан шығып кеткен екен. Ер адамды патрульдік полиция батальонының инспекторлары күтті. Олар шетелдікті тамақпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, Петропавл дәрігерлерінің жұмысы еселенді. Олар үсік шалудың алғашқы жағдайларын тіркей бастады. Өткен аптада ғана жарақат пунктіне тоғыз адам жүгінген. Олардың төртеуін ауруханаға жатқызуға тура келіпті.

Оқушылар да қиындық көріп жатыр десек болады. Мына аяз қашықтықтан оқыту режимін қайтадан әкелді.

Shares