СҚО полицейлері 64 үйсізді қатты аяздан құтқарды
Үйсіздерді аяздан құтқару және үсу қаупіне шалдығуға жол бермеу – қыста, әсіресе қатты аяз кезінде полицейлер үшін маңызды міндеттердің бірі. Солтүстік Қазақстанда термометр бағанасы -30 градустан төмен деңгейде тұр. Аязды күндері Петропавл қалалық ПБ қабылдағыш-таратқыштың іріктеу тобы күшейтілген режимде жұмыс істейді,- деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қызметкерлер құдықтар мен жылу желілерін, жертөлелер мен шатырларды, қараусыз қалған үйлерді тексеруде. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар қабылдағыш-таратқышқа жеткізіледі. Мұнда олар фото және бейне есепке қою, саусақ ізін түсіру, ҚР ІІМ деректер базасы бойынша тексеру рәсімдерінен өтеді. Содан кейін полицейлер үйсіздерді “жылы үйге” жібереді. Бұл – үйсіз адамдар үшін түнгі демалыс орны.
“Қатты аяз кезінде жылу трассалары мен құдықтардан 64 үйсіз адам жеткізілген. Барлығы 11 айда 2 мыңнан астам адам жеткізілді, оның 204-і судьяның санкциясына орналастырылды. ІІМ базалары бойынша тексеру барысында ТМД елдерінің аумағында іздеуде жүрген 4 адам және ҚР-да жасалған қылмыстарға негізді түрде күдіктілер анықталды”,- деді қабылдағыш-таратқыштың бастығы Болат Баймақанов.