Петропавлда мереке күндері хқко қалай жұмыс істейді
Қазақстанда 16 желтоқсан күні басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні атап өтіледі. Мерекені дүйсенбіге ауыстырудың арқасында қосымша демалыс күні пайда болады. Бес күндік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететін қазақстандықтар 16, 17, 18 күндері демалса, алты күндік жұмыс аптасындағы отандастарымыз 16 және 17 желтоқсанда демалады. Осыған байланысты, СҚО бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ 16 желтоқсанда ХҚКО қалай жұмыс істейтінін хабарлады, деп баяндайды QZ Мedia тілшісі.
Сонымен, мереке күні облыс орталығында кезекші ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейді. Олар 18 желтоқсаннан, дүйсенбіден жұмыс істейтін болады.
Петропавл қаласында кезекші ХҚКО – Әуезов көшесі, 157-үй мекенжайы бойынша орналасқан №1 ХҚКО болып табылады, жұмыс кестесі 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Нефтепроводная көшесі, 7-үй мекенжайы бойынша орналасқан МҚКО мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдерді сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттарды беру 09.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.
«19 желтоқсаннан бастап келушілер Мемлекеттік қызметтерді әдеттегі кестеде ала алады. Барлық басқа күндері жұмыс кестесі сақталады. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері кезекші ХҚКО-лар 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. ХҚКО-ның қалған бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін»,- делінген СҚО бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ хабарламасында.