Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қоқысқа қарсы күрес: Петропавлда қоқыс шығаратын 5 көлік сатып алу жоспарлануда

Қоқысқа қарсы күрес: Петропавлда қоқыс шығаратын 5 көлік сатып алу жоспарлануда

Контейнерлік алаңдардың жанына ірі габаритті қалдықтарды жинау және қоқысты уақтылы шығармау. Бұл – дәл қазірі таңда Петропавл тұрғындары күнделікті кездесетін негізгі проблемалардың бірі, деп хабарлайды QZ media тілшісі.

Жақында қала әкімі Серік Мұхамедиев ағымдағы жылдың мамыр айында 2017 жылдан бері өзгермеген ҚТҚ жинау және шығару тарифі көтерілгенін атап өтті. Енді абаттандырылған сектордың әр тұрғыны – 480, ал абаттандырылмаған сектор өкілі 510 теңге төлейді. Заңды сектор үшін қоқыстың әр текше метрі – 2782 теңге. Тарифтің өсуі кәсіпорындардың қызмет көрсету сапасына оң әсер етуі керек еді.

“Алайда, ағымдағы жылдың сәуірінен тамызына дейінгі аралықта үш рет “қоқыс коллапсы” пайда болды. Қоқыс шығаратын компаниялар арнайы техниканы іске жиі шығармайтын болды. Мұны арнайы техниканың тозуымен байналыстырады. Бірақ, бұл негізгі себеп болмауы тиіс. Мен осы ұйымдардың өкілдерімен бірнеше рет кездесіп, олардың жұмысындағы кемшіліктерді айттым. Шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін бірнеше рет айыппұл да салынды”, – деп атап өтті қала әкімі.

Өзгеріс шамалы. Көпқабатты үйлердің аулаларында қоқыс тағы үйіліп жатыр. Петропавлдықтар қоқыс пакеттерін арнайы жәшіктерге тастай алмайды. Жай ғана үйіндігі лақтыруға мәжбүр. Қалалық әкімдікте айтылғандай, соңғы бірнеше күнде температура – 40°C дейін күрт төмендеді. Осыған байланысты қоқыс шығаратын компаниялардың барлық бірдей техниканы іске қосып, жұмыс жүргізбеген.

“Шұғыл кеңес өткізілді, оның барысында қоқыс шығаратын компанияларға барлық техниканы тиісті техникалық жай-күйге келтіру және жақын арада барлық қоқысты жинау, шығару тапсырылды. Жұмыс кестесінің және абаттандыру ережелерінің бұзылуына байланысты қоқыс шығаратын компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды”, – деп хабарлады әкімдік.

Қала әкімі СҚО ӨКҚ брифингінде атап өткендей, жыл соңына дейін 5 қоқыс шығаратын көлік сатып алу жоспарлап отыр. Мақсат – жағдайды жақсарту, қаланы уақытында тазарту. Сондай-ақ 100 еуроконтейнер сатып алыныпты, жақын арада тағы 50-і жеткізіледі деп күтілуде.

Shares