Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Мен Жаңа жыл мерекесінде болатын ғажайыптарға сенемін»: Петропавлдағы «Солнечный дом» қорының балалары Аяз атаға әсерлі хаттар жазуда

«Мен Жаңа жыл мерекесінде болатын ғажайыптарға сенемін»: Петропавлдағы «Солнечный дом» қорының балалары Аяз атаға әсерлі хаттар жазуда

Алдағы таңғажайып Жаңа жыл мерекесінде әр бала шаттыққа бөленгісі келеді. Аяз атадан ерекше сыйлық күтетіндер де баршылық. Ал осы ұл-қыздардың қалауын орындау – үлкендерге міндет. Міне, Петропавлдағы «Солнечный дом» қоғамдық қорын құрушы жандар 4 жылдың көлемінде арнайы акция ұйымдастыруда. Оның өзінің сыйқыры бар, деп хабарлайды QZ Media тілшісі тілшісі.

Қордың негізгі мақсаты – Даун синдромы бар балалар мен ересектердің өмірін жақсарту. Қуанышымызға орай, ұйымдастырушылар өз дегендеріне сенімді түрде қадам басып келеді. Олар әр Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалармен кездесіп, мерекеде не алғысы келетіні туралы хат жазуды сұрайды. Біреу қуыршақ, екіншісі скутер, ал үшіншісі қашықтықтан басқарылатын көлік немесе танымдық ойындар сұрайды. Балалардың тілегі сан алуан. Ең бастысы олардың бәрі орындалады.

«Аяз ата, сәлеметсіз бе! Менің атым – Алиса. Мен Жаңа жылды шынымен жақсы көремін! Күнде анамнан мереке қашан болады деп сұраймын! Мен үйдегі шыршаны безендіріп, сізге арналған тақпақ жаттауға кірістім! Би билегенді, сурет салғанды, ертегі оқығанды және «Солнечный дом» қорындағы сабақтарды жақсы көремін. Маған Эльза ханшайым қатты ұнайды. Құрметті Аяз ата, маған кішкентай Эльза қуыршағы мен баланс борд сыйлаңызшы!»

«Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Алдағы мереке құтты болсын! Жылыңыз табысты, бақытты сәттерге толы болсын! Сізге Бағдат Мансұр хат жазып отыр. Мен 5 жастамын, биыл шағын орталыққа бара бастадым. Маған бәрі ұнайды, біз ол жерде оқимыз және ойнаймыз. Тәрбиешіміз – өте жақсы адам. Мен ән айтып, би билегенді, әртүрлі пазлдарды жинағанды ұнатамын. Биыл өзімді жақсы ұстадым, ата-анама көмектестім. Мен қазір үлкен ағамын. Кішкентай қарындасыма қараймын, үй жинауға, ыдыс жууға, тіпті жаялықтарды ауыстыруға көмектесемін. Маған «Балалар әлеміне» сертификат сыйлаңызшы. Ол жерден дамуға қажет түрлі ойыншықтарды, кітаптарды көрдім. Алдын ала рахмет!»

«Құрметті Аяз ата, сізге Андрей хат жазып отыр! Мен 19 жастамын. Жыл бойы өзімді жақсы ұстатым. Мен бәрінен бұрын музыка тыңдап, караокеда ән айтқанды ұнатамын. Осы Жаңа жылда сізден сымсыз құлаққапты сыйлыққа алғым келеді. Алдын ала рахмет!», – деп тілек жазады балалар.

Айта кетейік, «Солнечный дом» қорының парақшасында 30 астам хат жарияланған.

«Біздің жазылушы немесе біздің науқанымыз туралы ақпарды көрген кез келген адам бір немесе бірнеше бала үшін «Сиқыршы» бола алады. Адамдар хаттарды таңдайды, орындағысы келетін балалардың тілектерін бізге тікелей директе хабарлама арқылы жазады. Біз сол хаттарды ниет білдірген жанға белгілейміз. Содан кейін олар бізге дайындаған сыйлықтарын әкеледі, біз оларды жаңа жылдық кеште балаларға сыйлаймыз. Егер бала шыршаға келе алмаса, сыйлықты оның ата-анасына тапсырамыз», – деп бөлісті қордың негізін қалаушы Татьяна Дель.

Егер сіз «Солнечный дом» қоры өз акциялары арқылы компанияларды тартады деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Әрбір сыйлық ерекше балаға қуаныш, шаттық сыйлағысы келетін қарапайым петропавлдықтан келеді. Айта кетейік, 3 жыл ішінде мұндағы бірде-бір оқушы жаңа жылдық сыйлықсыз қалған жоқ.

«Биылғы жылы біз барлық хатты орналастырдық. Қамқор адамдар табылып, әрқайсысына жауап беріп үлгерді. Әлі былай жазып жатқан адамдар бар: Тағы хаттар бар ма? Біз сіздерге сыйлық апарғымыз келеді. Біздің қаламыздағы, өзге елдер және қалалардағы достарымыздың арасында мейірімді, жанашыр адамдардың көп болғанына өте қуаныштымыз. Сыйлық әкелген адамдардың эмоциясын бақылау – бөлек дүние. Жүрекке жетеді. Көбінесе олар бұл мүмкіндік үшін бізге алғыс айтады. Керісінше, біз оларға алғыс айтуымыз керек. Мен осы жылдардың ішінде адамдар шынымен де Жаңа жыл алдында біреу үшін шынайы сиқыршы болғысы және жағымды эмоциялар мен ғажайыпқа сенгісі келеді деген қорытындыға келдім», – дейді ішк сырымен бөліскен Татьяна.

Айта кетейік, акцияға кез келген адам қатысып, сиқыршы атанып, облыс орталығының ерекше бүлдіршіндерінің кішкентай арманын орындай алады. Аяз атаға хаттарды қордың инстаграм парақшасынан көруге болады.

Shares