Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы қорытындыланды

Петропавлда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы қорытындыланды

Тәуелсіз Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының институты құрылды. Маңыздылығы жағынан қарасақ, бұл – қазіргі заманғы Отан тарихындағы ең жарқын оқиғалардың бірі. Елдің көпұлттылығы, көпмәдениеттілігі мен тұрақтылығы жалпы әлемдік жетістікке айналды. Мұның бәрі – зор еңбек. Соның ішінде жергілікті жерлердегі өңірлік ассамблеялардың атқарып жатқан қажырлы еңбегі де бар. Жаңа жыл қарсаңында Петропавлдағы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында жыл қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Солтүстік Қазақстан Ассамблеясы үшін жыл өте берекелі өтті. Көптеген іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық шаралары өткізілді. Аймақ пен оның әкімшілік орталығы басқа өңірлердің қайғы-қасіретіне бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті. Кез-келген мәселе жерлестердің жүрегіне жетеді және көмек біздің кішкентай Отанымыздың түкпір-түкпірінен жол тартады.

 “Солтүстікқазақстандықтар қолдау тұрғысында өте белсенді. Әрдайым алға ұмтылады. Бұл жерде Ассамблеяның рөлі зор. Мен қажет сәтте әр этномәдени бірлестік өкілінің бей-жай қарамайтынын байқаймын. Биыл Ассамблея мұқтаж жандарға 38,7 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жинауға көмектесті деп айтқым келеді. Барлық мейірімді адамдарға алғыс білдіремін! Басымды иемін! Мен сіздермен мақтанамын!”,- деп атап өтті қорытынды форумда СҚО ҚХА қайырымдылық клубының төрайымы Алла Писаренко.

Форумда үздіктер алғыс хаттар мен қоғамдық марапаттарға ие болды. Бұл – полиция қызметкерлері, құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері. Қысқасы, күн сайын қоғам игілік үшін өз өмірін қатерге тігетіндердің бәрі.

Тек 2023 жылы СҚО ҚХА-да 300-ден астам ірі қоғамдық-маңызды іс-шара өткізілген. Әрқайсысының артында зор еңбек пен шынайы қазақстандық патриотизм жатыр. Өткен жылдың ең ауқымды оқиғалары “Покровский перезвон”, “Сабантуй” және “Масленица” болды. Этномәдени орталықтардың жұмысы алғыс хаттармен және сыйлықтармен бағаланды.

 “Мен Қазақстан халқы Ассамблеясын біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін ең маңызды ұйымдардың бірі деп санаймын. Баршаңызға зор денсаулық, амандық тілеймін және келе жатқан мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!”,- деп атап өтті “Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” СҚФ ЗТБ төрағасы Владимир Витченко.

Концерттік нөмірлер форумды одан әрі есте қаларлықтай етті. Облыстық филармонияның әртістері де, ҚХА атынан шыққан таланттар да өз өнерлерімен кештің сәнін келтірді.

 

Shares