“AMANAT” партиялық бақылауы Петропавлдағы “Дельфин” бассейнінің жөндеу барысын тексерді
“AMANAT” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына қарасты партиялық бақылау комиссиясының мүшелері “Дельфин” су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі бассейн тостағанын жөндеумен танысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қараша айында партиялықтар бұл нысанда болды. Сонда жөндеу кезіндегі проблемалар мен белгіленген жұмыс мерзімінің сақталмауы расталды.
Мониторинг қорытындысы бойынша комиссия мүшелері мынандай ұсыныс білдірді: бассейн тостағының жөндеу жұмысына қарқын қосу үшін екі ауысымда жұмыс істеу режимін орнату. Ғимарат партиялықтардың ерекше бақылауында болады.