Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде

Жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде

Жылыту маусымының өтуі –  қатаң бақылауда. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов 2-ЖЭО-ның жұмысын тексеріп, «Севказэнерго» АҚ басшылығының есебін тыңдады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде. Қазіргі уақытта 6 қазандық жұмыс істеп тұр, төртеуі резервте және біреуі жаңартылуда. Аязды күндері станцияда 10 қазандыққа дейін пайдаланылды. Көмір қоры жеткілікті, жеткізу кестеге сай жүргізілуде.

Келесі жылы «Севказэнерго» инвестициялық жөндеу бағдарламасына 14,1 млрд теңге бөледі. 2 қазандық, 3 турбоагрегат күрделі жөндеуден өтіп, жаңа мұржа салынбақ.

Shares