Облыс орталығында студенттермен тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді
Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының және қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері колледж студенттерімен зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу бойынша әңгіме өткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Бүгінгі таңда жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтар саны өсіп келеді. Зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Сондықтан, облыстық полицейлер өз үйлерінде мұндай жағдайларды болдырмау үшін жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме өткізді.
“Қазіргі әлемде балалар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайды. Басында бұның не екенін, неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін түсіне алмайды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға тұрмыстық зорлық – зомбылық, оның алдын алу жолдары және жәбірленушіні қорғайтын заңдар туралы түсінік беру”, – деп атап өтті Ғ. Мүсірепов атындағы кітапхана бөлімінің басшысы Динара Қаратаева.
Кездесуге қала колледждерінің 30-дан астам 1, 2 және 3 курс студенті қатысты. Сондай-ақ, кездесу аясында адам құқықтарына арналған “Мен адаммын” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.