Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Автокөліктерді заңсыз жолмен қайта жабдықтау

Автокөліктерді заңсыз жолмен қайта жабдықтау

Жыл басынан бері өңір полицейлері көліктерді заңсыз жолмен қайта жабдықтаудың 200-ге жуық дерегін анықтаған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Қозғалтқышы үлкен көлік жүргізушілері көбінесе автогазды қолданады. Естеріңізге сала кетейік, қайта жабдықтау рәсімі тиісті рұқсат болған жағдайда ғана мүмкін болады. Заңсыз қайта жабдықтау қалыпты жұмыс режимінің бұзылуына және апат қаупіне әкелуі мүмкін», – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Бұл көлік құралының құрылысында қарастырылмаған кез келген өзгерістерге қатысты. Қосымша жарықтандыру құрылғыларын орнату, шанақтың көлемін ұлғайту және “баптаудың” басқа элементтері рұқсат етіледі, бірақ мамандардың келісімімен ғана. Өзге жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. 7-бөлім заңсыз қайта жабдықталған көлік құралын пайдаланғаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

«2023 жылдың басынан бастап СҚО-да заңсыз қайта жабдықталғаны үшін 198 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция мен көліктік бақылаудың бірлескен рейдтері бұдан әрі де тұрақты негізде жүргізілетін болады», – деп толықтырды СҚО ПД өкілдері.

Shares