Пиротехниканы заңсыз сатқан солтүстікқазақстандықтарға 86 000 теңге көлемінде айыппұл салынады
25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында ТЖД Өртке қарсы қызмет бөлімшелері тәртіп сақшыларымен бірлесіп, “Пиротехника” ЖААШ өткізеді. Шара пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, әкелу, әкету тәртібінің сақталуын тексеруге бағытталған. Сонымен қатар, сертификатталмаған өнімдерді жеткізушілер мен оларды сақтау орындары анықталады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда солтүстікқазақстандықтар ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы “Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау” бойынша жауапқа тартылады. Айыппұл – 25 айлық есептік көрсеткіш. Бұл – 86 250 теңге.
2022 жылы өткен “Пиротехника” ЖААШ қорытындысы бойынша пиротехникалық құралдардың айналымын реттеу бағытында 18 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 939 пиротехникалық бұйым тәркіленді, жалпы сомасы 689 166 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
“Қазіргі уақытта СҚО аумағында лицензиясы және пиротехникалық өнімдерді сатуға ҚР ІІО берген рұқсаты бар 2 заңды тұлға тіркелген.- “Петропавл-Салют” ЖШС, пиротехникалық өнімдерді өткізу орны Петропавл қаласы, Сүтішев көшесі, 55 мекенжайы бойынша орналасқан. – “KMD HOLDING” ЖШС, пиротехникалық өнімдерді өткізу орны “Достық мол” СОСО жанында орналасқан павильон”, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.