Петропавлда Жаңа жыл қалай тойланады?
Жаңа жыл – баршамыз асыға күтетін әрі балалар үшін сыйқыр-ғажайыпқа толы көңілді мереке. Осы мерекеге орай жергілікті билік қызықты бағдарлама дайындады. Соған сәйкес петропавлдықтар дәстүрлі мерекені 24 желтоқсаннан тойлай бастайды, – дейді QZ Мedia тілшісі.
24 желтоқсанда Петропавлдың басты алаңында 19:00 мен 20:00-дің аралығында “Төрлет, құтты, Жаңа жыл!” атты мерекелік концерт өтеді. Соның барысында жаңажылдық шырша жағылады.
26 желтоқсанға “Солтүстік жұлдызы” саябағында көшпелі концерт пен мұз қалашығының ашылуы жоспарланған. Көңілді кеш 19:00 басталады.
27 желтоқсанда Петропавлдың орталық алаңында “Жаңа жыл” мерекелік концерттік бағдарламасы өтеді. Ол 18:00 басталады.
Қаланың басқа да шағын аудандары назардан тыс қалмайды. Мысалы, Жеңіс саябағында 29 желтоқсан күні 17:00 “Жап-Жаңа жыл” концерттік бағдарламасы басталады.
Ал дәл жаңа жыл қарсаңында – 30 және 31 желтоқсан күндері орталық және басты алаңда жаңажылдық концерттер өтеді. Олар 18:00 басталады.
Біздің оқырмандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл әр шаңыраққа бақыт, береке әкелсін!