Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

СҚО әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов дәстүрлі азаматтарды қабылдауды өткізді, оның барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, мәселелерін ортаға салды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Полиция ардагері Саттар Мусин полиция пункттерін жөндеу туралы ұсыныс жасады. «Қызылжар орманы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустам Жүсіпбеков қала инфрақұрылымын жақсарту және «Орман» ықшам ауданында абаттандыру жұмыстарын жүргізу мәселесіне тоқталды. Өңір басшысы Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевке осы мәселелерді жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ қабылдауға Жұмысшы кентінің тұрғыны Алена Просветова мен тұрғындардың өкілі Вадим Курамшин келіп, апатты үйдің мәселесін көтерді. Облыс әкімінің айтуынша, бұл облыс орталығы үшін өзекті сұрақ және мәселені кешенді түрде шешетін уақыт жетті. Қазір Петропавлда 28 апатты үй және 200-ден астам тозығы жеткен баспана бар. Бұл мәселені шешу үшін Петропавлда баспанаға реновация жүргізу бағдарламасы жүзеге асуда. Жоба аясында инвесторлар 3 көпқабатты үй салды. Ғауез Нұрмұхамбетов қала әкіміне тозығы жеткен үйлерді бұзып, көпқабатты үйлер салуды қолға алатын инвесторларды іздеуді күшейтуді тапсырды.

“Азаматтармен тұрақты кездесулер халықтың көкейінде жүрген мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Белсенді адамдардың арқасында біз өңірді дамытып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешудеміз”, – деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желіде.

Shares