Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті

Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес өкілдерімен кездесіп, өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың келешегін талқылады. Бүгінде бұл бағытта оң динамика байқалуда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жиында кәсіпкерлер өңірдегі бизнес ортаны жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Олар – жергілікті колледжде мамандар даярлау және дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу, курорттық аймақта студенттер арасында туристік слет өткізу, облыс орталығында веложолдар салу, қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту және басқа да сұрақтар.

СҚО әкімі тиісті басқарма басшыларына барлық мәселелерді бақылауға алып, ұсыныстарды зерделеп, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді тапсырды.

«Мұндай кездесулер бизнес пен мемлекет арасында диалог орнатуға және дамудың ортақ векторын белгілеуге мүмкіндік береді», – деді облыс әкімі.

«Бөлшек сауда салығын төмендету мәселесін тағы да көтердік. Мұндай мәселе Астана мен Қарағанды ​​қаласында оң шешім тапты. Мәселе бойынша түсінік бар, келесі аптада облыстық фискалдық органдардың өкілдерімен кездесеміз. ШОБ үшін оң шешімге келеміз және өңіріміз тек Қазақстан кәсіпкерлері үшін ғана емес, Ресей Федерациясының бизнесі үшін де инвестициялық тартымды болады деп сенемін», – деп жазды Сайран Хамзин әлеуметтік желіде.

 

 

 

 

Shares