«Арман» орталығы мен балалар ауылының тәрбиеленушілері жаңажылдық сыйлық алды
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған «Арман орталығында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Өңір басшысы орталық тәрбиеленушілерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалар үшін көтергіш механизмі бар арнайы шағын автобустың сатып алынғанын жеткізді. Келесі жылы балаларға арналған арнайы тренажерлар алынады. Бұдан кейін СҚО әкімі отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қонаққа барды. Мұнда 39 бала тұрады, олардың әрқайсысына велосипед сыйға тартылды.
Балалар талантты әрі шығармашылықпен айналысады. Жаңа фортепиано музыкадағы жаңа қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Балалар өздерінің жетістіктері және жоспарлары туралы айтып берді. Облыс әкімі жастарға жақсы білім алып, жаңа жылда ойлаған арман-тілектерінің орындалуын тіледі.