Петропавлда “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ үздік қызметкерлері “Энергетика күні” аясында марапатталды
Электржелісі кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі, кәсібилігі және мамандыққа деген құрметі үшін 15 энергетикке ҚР Энергетика министрлігі, Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы, “Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы”, “ТМД Электр энергетикалық кеңесі”, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі және “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ басшылығы атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді, деп хабарлайды QZ тілшісі Медиа.
“Құрметті әріптестер, энергетиктер – құрметті және күрделі мамандық иелері. Сіздердің жұмыстарыңыз ерекше сый мен құрметке лайық. Біздің өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту сіздердің кәсібилік пен іске деген жауапкершілік сезімге тікелей байланысты. 2024 жылы “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ алдындағы негізгі міндет – облыс тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету. Міндет өзгеріссіз қалады. Алда әлі де көптеген маңызды және қызықты жобалар бар. Өндірістік міндеттерді орындаудағы жауапкершілік пен өзара көмек үшін алғыс айтқым келеді. Осы мереке күні апатсыз жұмыс, таусылмас өмірлік қуат, зор денсаулық пен амандық тілеймін”, – деді СЕВКАЗЭНЕРГО АҚ Бас директоры Анатолий Казановский құттықтау сөзінде.
“Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін” медалі Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаровқа, Петропавл 2-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Екатерина Вологинаға, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС Бас директорының м.а. Виталий Холошеге табысталды.
Екі энергетикке, оның ішінде орталық-диспетчерлік қызметтің аға диспетчері Владислав Липкинге “Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы” атағы берілді.
“Энергетика күні – менің өмірімдегі басты мерекелердің бірі. Бұл – тағы бір күнтізбелік жылды қорытындылау және бір командада жұмыс істейтін әріптестерге алғыс айту күні. Мен өз жұмысымды және жетістіктерімді жоғары бағалаған жандарға өте ризамын. Мен солтүстік өңіріміздің энергетикасы саласы үшін әрі қарай да аянбай жұмыс істеуге дайынмын, – деді Құрметті энергетик Владислав Липкин.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 8 энергетик “Кәсіпорынның үздік қызметкері” және “Мамандығы бойынша үздік” наградаларымен марапатталды.