Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Шаңғы додасы: Петропавлда бірден 2 жарыс өтті

Шаңғы додасы: Петропавлда бірден 2 жарыс өтті

Өткен демалыс күндері Петропавлда 2006-2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында шаңғы жарысынан облыс чемпионаты өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Чемпионатқа Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданынан келген 170-тен астам адам қатысты. Олардың арасында тәжірибелі де, тәжірибесі аз да спортшы болды. Бірақ, кез келген қатысушы жарыс алдында жоспар құрады, ал сайыс кезінде жеңіске жету үшін барын салады. Облыс орталығында чемпионаттан бөлек, ерлер мен әйелдер арасында шаңғы жарысы бойынша облыс Кубогы да өтті.

Оған 60-қа жуық адам қатысты.

 

 

 

 

Shares