“Севказэнерго” АҚ Петропавл 2-ЖЭО-дағы көмір қоры туралы хабарлады
25 желтоқсандағы жағдай бойынша “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ қарасты Петропавл 2-ЖЭО-ның қоймасында 159 505 тонна көмір бар. Бұл 26 тәуліктік жоспарлы шығысқа сәйкес келеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Күзгі-қысқы уақытта 120 362 тонна көмір міндетті түрде болуы керек. Бұл 20 күндік шығысқа сәйкес келеді.
“25 желтоқсандағы жағдай бойынша 903 тонна мазут бар. Бұл 30 күнге жеткілікті. Нормативтік көрсеткішке тоқталсақ, 10 тәулікке 300 тонна мазут керек”, делінген “Севказэнерго” АҚ хабарламасында.